USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ержан Максимнің елордададағы жеке концерті

  • 19.июня.2019, 10:00,
  • 662

28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында жас дарын Ержан Максим жеке шоу-концерт өткізбек. Бұл жайлы ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақ халқына аты  танылған "Голос. Дети" жоба жеңімпазы Ержан Максим алғаш рет үлкен сахнада өнер көрсетпек. Елорда күніне арналған айтулы шара ҚР Спорт және мәдениет министрлігі ұйымдастыруымен өтеді. 


«Орындаушының жасы жеке концертті өткізуге еш кедергі емес, Ержан бұл іске үлкен жауапкершілікпен дайындалуға кірісті. Қазіргі таңда жас дарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов және Ренат Гайсин сынды композиторлармен композиция жазу үстінде. Бұл - Ержанның репертуарындағы алғашқы авторлық әндер. Аталмыш шығармаларды жеке концертке келген көрермендер алғашқылардың бірі болып тыңдайды» делінген хабарламада.  


Н. Назарбаевтың «Отан-Ана», Э. Карменнің «All by Myself», М. Магомаевтың «Синяя вечность» сынды туындылар «Солистер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалады.


Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Әбдіжаппар Әлқожа сынды  қазақстандық орындаушылар Ержанға қолдау көрсетіп, жас дарынмен бірге ән шырқайды.


Билеттерді қала кассаларында және BiletiAstani.kz. сайтынан алуға болады.





скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.06.2019
17.06.2019
16.06.2019
13.06.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031