USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еуропа лигасы: Қазақстандық клубтардың қарсыластары кім

  • 18.июня.2019, 20:30,
  • 508

Футболдан УЕФА Еуропа лигасында биыл сынға түсетін қазақстандық командалардың қарсыластары анықталды.


Аталмыш дүбірлі додада біздің еліміздің атынан қатысатын Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын анықтады. Оларға Румынияның Клуж-Напока қаласының ЧФР Клуж командасы қарсылас атанды. Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 9, 10 шілде күндері болса, қарымта кездесу 16, 17 шілдеде өткізіледі. Бұл жұптағы алғашқы ойын Нұр-Сұлтанда өткізілсе, бір аптадан кейін ол Румынияда болады.


1907 жылы құрылған аталмыш команда бүгінгі күнге дейін үш мәрте Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде бақ сынады. Екі мәрте өз тобында төртінші орын алды. Ал 2012/2013 жылғы кезеңде үшінші орын алып, Еуропа лигасының 1/16 финалында сынға түсуге мүмкіндік алды. Ол жолы Италияның «Интер» командасына жол беріп қойды. Аталмыш команда Румыния біріншілігінде бес мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді. 


«Астана» біздің еліміздің атынан бесінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сынға түсіп келеді. Мәселен, 2015/2016 жылғы кезеңде аталмыш турнирдің топтық кезеңіне дейін жетті. Одан кейінгі үш жылда  екі мәрте үшінші іріктеу кезеңінен аса алмаса, бір мәрте плей-офф кезеңіне дейін барды. Нәтижесінде оларға соңғы үш жылда  Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік берілді. Одан сүрінбей еткен елордалықтар топтық кезеңінде ел намысын қорғады. Ал 2016/2017 жылғы кезеңде жарыстың 1/16 финалына дейін жетті.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
17.06.2019
14.06.2019
11.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930