Осыдан төрт жыл бұрын Димаш Құдайберген жеңімпаз атанған байқауға биыл 16 құрлықтың өнерпаздары келген. Олардың мәдениеті мен діндері де әртүрлі, бірақ олардың барлығын бір дүние - музыка байланыстырып отыр. Байқауда жеребе бойынша бірінші болып Беларусь әншісі Ваня Здонюк өнер көрсетіп, 82 ұпай алды. Одан кейін Қытайдан келген әнші Сыин Ли «Катюша» әнін шырқап, 71 ұпайға ие болды.
Қазақ әншісі Әділхан Макин әнді керемет орындап қана қоймай, грэпплинг трюгін көрсетіп, таңғалдырды. Осылайша, ең жоғарғы көрсеткіш – 89 ұпай алды.
Ол бұған дейін "Қазақстан дауысы", "Х Фактор" сынды байқауларда өнерімен танылған еді.