USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық нокаутшы мексикалық экс-чемпионмен жұдырықтасады

  • 18.июля.2019, 17:00,
  • 466

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, қазақстандық 28 жастағы боксшы мексикалық 32 жастағы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасады. Ол 2010-2014 аралығында жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Жекпе-жек - бірінші орта салмақта 10 раундтан тұрады.


Васкес соңғы рет шаршы алаңға 2018 жылы желтоқсанда шыққан. Сол кезде мексикалық боксшы жартылай орта салмақта IBO белбеуіне таласта мерзімінен бұрын жеңілген еді. 2017 жылы ол бірінші жартылай орта салмақта WBC Silver белбеуі үшін таласқан, алайда ол кезде де есе жіберді.


Жүкембаев 18 мамырда Монреаль қаласында мексикалық Луис Хесус Видалесті (13-6, 6 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ustinka.kz
Тағы да оқыңыздар:
17.07.2019
11.07.2019
08.07.2019
27.06.2019
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930