USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Головкиннің кезекті қарсыласы - Олимпиадалық чемпион

  • 17.июля.2019, 13:00,
  • 573

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, жақында ғана орта салмақта WBA белбеуін қайтарып алған Риота Мурата дивизион көшбасшысы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті. Бұл туралы жапон боксшысының промоутері Боб Арум айтты.

Арумның айтуынша, Мурата орта салмақта мегафайт өткізуді қалайды, сондықтан келесі қарсыласын таба алмай жүрген Головкин және мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр. 


Ал Головкин "Канелоны" қыркүйекте трилогия өткізуге шақырған, бірақ мексикалық боксшы одан бас тартқан болатын. Оның орнына Альварес WBO-ның әртүрлі салмақтағы үш чемпионына ұсыныс жасаған еді.


Мурата 12 шілдеде америкалық Роб Брантты нокаутпен жеңіп, WBA белбеуін қайтарып алған болатын. Осылайша, жапон боксшысы былтыр күзде Брантта кеткен есесін қайтарды - ол кезде америкалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : The Japan Times
Тағы да оқыңыздар:
19.07.2019
18.07.2019
15.07.2019
08.07.2019
27.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031