USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада көп балалы аналар наразы

  • 03.июня.2019, 17:29,
  • 622

Көп балалы аналар сағат таңғы 9 бастап, аштық жариялапты. Ақыры Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев аналар алдынан шығып, келіссөздер бастады.

3 маусым күні, Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы аналар сол жағалауда Үкімет Үйі алдына жайғасып, наразылықтарын танытқан болатын. Баспана мәселесі шешілмеуіне сәйкес, аштық жариялаған. Күннің ыстығына қарамай, аналар өз талаптарынан қайтпай, ызалы көңілдерін білдірді.


Аналар алдына қала әкімі - Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Гүлшара Әбдіқалықова және басқа мемлекеттік қызметкерлер шыққан болатын. Дегенмен, аналар сөздеріне сенбей, өз орындарында қалып, аштықты жалғастыра берген.


Нәтижесінде, кешкі 17:00 сағ. қарай, Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев шығып, аналарды сабырға шақырып, өзінің басқарып отырған мекеменің мәжіліс залына алып кеткен. 


Қазіргі таңда, аналар өздерінің талаптарын айтып, мәселенің шешілуіне барын салуда. Өзекті мәселе, біздің назарымызда болады. 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930