Бүгін Алматы қаласында белсенді Оксана Шевчуктің ісіне байланысты баспасөз конференциясы өтті. Азаматша ҚДТ(ДВК) ұйымының қызметіне қатысы бар деп айыпталған. Шараға келген Азаттық радиосы, ҚазТаг агенттігі және Алматы телеарнасының тілшілеріне шабуыл жасалды.