Қалалық полиция жақында экстремистік қозғалыстың санкцияланбаған митингіне қатысқаны үшін бірнеше адамды ұстады.
«Құқық қорғаушылар күдік туғызатын басқосуларға жиналмауды ескертеді. Бұл митингіге санкция берілмеген. Жай ғана өтіп бара жатқан адамдарға қауіп жоқ, әрине. Олар тек оқиға ортасында жүрмесе болды», - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Құқық қорғаушылардың ескертуіне қарамастан көп адам шоғырланған жолмен өтуге тырысады. Кездейсоқ адам бұлай істемесе керек. Егер кездейсоқ адам ұсталса, олардың жеке тұлғасын анықтаған соң біз азаматтардан кешірім сұраймыз», - деді С.Әзірбек.