USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қызы "Хан Шатырда" батып кеткен әкенің мәлімдемесі

  • 10.июля.2019, 19:30,
  • 494

"Хан Шатыр" сауда орталығында көз жұмған бүлдіршін ата-анасы мектеп директоры мен сынып жетекшісін қылмыстық жауапкершілікке тартпақшы. Бұған мектеп әкімшілігінің сұхбат барысында отбасының жеке ақпаратын жайып салулары себеп болды.

"Рас, наразылық болды. Сұхбат жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтанға жол тарттық. Бас прокуратураға бұл жөнінде шағымдандық. Төрт күннен кейін қырқы болады. Екі қаланың арасында қалдық. Петропавлдың тумасымыз, қызымызды сонда жерледік. Басқа нәрсе туралы ойлауға уақыт жоқ", - деді қыздың әкесі Ермек Кабулов. 


Бұған дейін, марқұм қыз оқыған білім ордасының директоры оның оқу бағдарламасын өзге қазақ мектебінде меңгере алмағандықтан бірінші сыныпқа екінші мәрте барғанын айтқан болатын.

Мектеп басшысының сөзінше, комиссия оған "органикалық генездің психологиялық дамуындағы кідірту" деген д иагноз қойды. 

Марқұмның әкесі бұл диагнозды растамайтын құжаттарды жинап шыққан. 

"Эмоцияға ерік берген сұхбатым үшін кешіріңіздерші. Мен сіздердің Ажар жайлы естеліктеріңіз бен ата-аналық сезімдеріңізге нұқсан келтіргім келген жоқ", - деп өкінді мектеп директоры. 

Алайда Ермек Кабулов өз ойынан таймайды. 

"Маған біраз адам келіп-кетті. Бірақ оның келгені есімде емес. Ешқандай көмек көрсетілмеді", - деді әкесі.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
18.06.2019
18.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930