USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандағы цифрлық сауаттылық

  • 16.июня.2019, 20:01,
  • 9 167

Цифрлық сауаттылық – цифрлық  технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы.

Мессенджерде сөйлесу, онлайн төлемдер, электрондық қызметтер – осының барлығы заманауи адамың қарапайым өмірінің бөлігіне айналып отыр. Қазақстандықтардың өмірлеріне интенсивті түрде кірген цифрландыру экономиканың жаңа моделін қалыптастырады. Осы жаңа модель шеңберінде негізгі салалар мен бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның бүкіл өмірі цифрланып отыр.

Мысалы, eGov.kz электрондық үкімет порталы азаматтардың мемлекеттік қызметтеріне жылдам қол жетімділігі бар болуы үшін жұмыс істейді. Бұл – алуан түрлі өтініштерді беру, анықтамаларды, лицензияларды алу, тіркеу мен басқа операциялар сияқты қызметтер мен сервистер. Мемлекеттік органдар, сонымен қатар басқа да ұйымдар, мысалы банктер мен пошта да өз кезегінде өз жұмыстаран электрондық форматқа көшіріп отыр. Алайда, азаматтардың белгілі бір бөлігі жаңа технологияларды қолдана алмайды. Осы мәселені шешу үшін халықты әдеттегі қызметтерді жаңа тәсілдермен қолдануды үйрету қажет.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазіргі таңда халықтың цифрлық сауаттылығын жоғарылататын оқу курстары бар болса да, жасалынып жатқан іс-шаралар жеткілікті емес сияқты.

Бүгінгі таңда технологиялар айлап санап емес, әр сағат сайын жаңартылып отыр. Сондықтан да халықтың көпшілігін негізгі цифрлық сауаттылыққа үйретіп отырғанша, халықтың цифрлық сауаттылығы технологиялар дамуынының қарқынына ілесе алмай отыр.

Өз басым туралы айтсам, eGov.kz электрондық үкімет порталының телеграм каналы арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігінің бар болуы мен үшін жаңалық болды. Осындай азаматтардың біразы бар сияқты.  Ал интернетті қандай тәсілмен қауіпсіз және тиімді пайдалануға болатынын білмейтін қоғам өкілдері де, әсіресе ауылды жерлерде баршылық.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейін 83% дейін жоғарылату жоспарланып отыр. Осыған қоса, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жоспарлы көрсеткіштерге жетуге талпынбай, жоғары дамыған заманауи қоғамға қол жеткізу үшін  халықтың цифрлық сауаттылығын жоғарылатуды көздейтін мектептегі оқушылардан бастап  өмір көрген бірақ жаңа технологиялардан бейхабар зейнеткерлеге дейін жүйелі іс-шаралар қажет. Себебі мемлекетімізде жаңа технологияларды пайдаланумен жасалынып жатқан игі шаралар ең алдымен халық үшін.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.06.2019
10.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930