USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өз өміріңізге қатысты әрқашан сенімді болыңыз

  • 20.июня.2019, 04:43,
  • 799

Қалай өмір сүретіңізді өзіңіз ғана шеше аласыз. Сіздің әрбір шешіміңіз – басқалар үшін емес, сіз үшін дұрыс.

Егер өз өміріңізге өзіңіз сенімді болмасаңыз – сіз үшін ешкім сенімді бола алмайды. Сіздің өміріңіз үшін тек сіз өзіңіз ғана жауаптысыз.

Арық болу немесе толық болу, көңілді болу немесе мұңды болу, сәнді киіну немесе сәнді болмаса да, өзіңізге ұнайтын ыңғайлы стильмен киіну. Ол тек адамның өз басының таңдауы. Барлық айналадағы адамдардың күтулеріне сәйкес өзгеру немесе бейімделу мүмкін емес. Осындай әрекеттерден тек өз-өзіңізді жоғалтып, сіз үшін дұрыс өмір бағдарынан адасып кетесіз.

Ал қазіргі теледидар, әлеуметтік желілердегі ақпарат шаблонды ойлауды қалыптастырады, өмірлік көзқарас былай тұрсын, тіпті, адамдардың, әсіресе, әйел қауымының сыртқы келбеті қандай болуына дейін айтады. Әдемілік пен сәнділік шаблондық эталонын әйелдер қауымына көрсетеді.

Адам дұрыс әрекеттерді жасауды қалайды ма немесе қателіктерді жасап, олардан сабақ алуды қалайды ма. Егер де адам өз өміріне, өз әрекеттеріне сенімді болса, айналадағылардың пікірі осындай адам үшін маңызды болмайды. Сондықтан да адам өз пікірін де айтуға қорықпауы керек, егер адамның пікірі басқалардан өзгеше болса, қалай өмір сүргісі келеттініне де қатысты, ол да қалыпты жағдай. Қалай адамдардың көбісі жасайды, мен де солай жасаймын деген пікірлер қой отарының ойлау дағдысына ұқсап кетеді. Әрине, өзгеше пікірді ұстану, әсіресе оны айналадағыларға жеткізу батылдықты талап етеді. Әйелдердің сыртқы келбетіне қатысты да сондац жағдай.

Бірақ адам қадам-қадаммен ішкі дүниесіне, сезімдеріне, өз өміріне, балалар тәрбиесіне біртіндеп саналылықпен қарайтын болса, басқалардан өзгеше болудан қорықпайтын болады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, жалған шаблондық өмір құндылықтарына үйретпейтін болады.

Жастар мамандық таңдауда шаблон бойынша барлығы заңгер мен экономист, финансист болудан бас тартып, шынымен де елінің дамуына өз үлесін қоса алатын, шынымен жақсы көретін жас мамандық иелері – инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер мен ғалымдар көп болады. Әрине өмірдің әрбір қырына қатысты адам баласында саналылық пайда болуы үшін, ең алдымен кемелділік, кәмелеттілік деңгейін көтеру қажет.

Біздің қоғамымыз қазір үлкен өзгерістер үстінде. Халықтың, әсіресе жастардың кемелділігі өсіп жатыр деген пікірдемін. Сондықтан да өмірлік көзқарасқа қатысты саналылық та жақында адамдардың көбісінде пайда болатынына сенімдімін. 

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
21.06.2019
16.06.2019
16.06.2019
10.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930