«Меніңше, соңғы жылдары балалар барынша байсалды болып барады. Олар салмақты, байыпты, барлық ойларын бір мақсатқа бағыттай алған. ҰБТ тапсырып жатқан барлық түлектерге сәттілік білеймін», - деді министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бүгін еліміз бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр.
«Республика бойынша бүгін жалпы 13 мың бала ҰБТ тапсырып жатыр. Бұл - бірінші лек. Жалпы 9 күн тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. ҰБТ-ны барлығы 117 242 түлек тапсырады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында осы университке 600 бала келіп отыр. Дәл осы жерде. Біз сәттілік тіледік. Балаларымыз қобалжымай, жақсы тапсырады деген үміттеміз», - деді Асхат Аймағанбетов.