10 сәуір 2025, 19:20
USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Димаш Құдайбергеннің концерті 64 елді жинамақ

  • 27.июня.2019, 21:30,
  • 616

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің елордада өтетін жеке концертінің соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.



«Біз қазір соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Концерттің жоғары деңгейде өтуі үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бәрі де ойдағыдай өтеді деген ниеттемін. Концерттің басты ерекшелігі - оның өз Отанымда өтуі. Ал оның барысына келсек, жанкүйерлерім біледі - мен орындамай жатып, былай жасаймын деп алдын ала айтқанды ұната бермеймін. Айтарым - жеке концертімде көптеген жаңа әндерді орындаймын», - деді Д. Құдайберген.


Ана тіліндегі орындалатын әндерден бөлек, америкалық және еуропалық сазгерлердің арнайы жазған әндері де шырқалмақ. Әрбір әнге жекелеген айрықша қойылым жасалуда. 


«Жоғары деңгейдегі қойылымдық нөмірлер үшін балет труппасына халықаралық алаңдарда өнер көрсетіп жүрген  еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары тартылды. Оның ішінде,  «Notre dame de Paris» мюзиклінің әртістері,  «Танцы на ТНТ» жобасының қатысушылары және батуттық  гимнастика бойынша спорт шеберлері бар», - деді Д. Құдайберген.





скачать dle 12.0
Фото авторы : total.kz
Тағы да оқыңыздар:
27.06.2019
19.06.2019
18.06.2019
14.06.2019
26.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930