Арнайы комиссия ашық байқау бойынша 50 өтінімді қабылдады.
Шәмші Қалдаяқовқа қола ескерткіш биылғы жыл соңында Республика сарайы мен «Қазақстан» қонақүйінің арасында орнатылады.
Ал атақты палуанның мүсіні күз айында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында бой көтереді.
Қазақ фольклорының кейіпкерлерін мәңгілік ету мақсатында махаббат символы - Төлеген мен Қыз Жібекке ескерткіш орнатылмақ. Жоба авторлары - қазақстандық суретшілер Санжар мен Жанель Жұбановтар.
«Гравюра салар кезде мыңдаған жыл бойы күн сәулесі мүжілген құздың тасы пайдаланылды. Енді әр алматылық біздің ұлттық мұрамызбен таныса алады»,- деді Санжар Жұбанов.
Экспозициямен танысқан әкім алаңдарды абаттандыруды тапсырды.