USD 419.54
EUR 509.2
RUB 5.72
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

The Spirit of Eurasia фестивалінде әлемнің 14 елі қатысады

  • 18.июня.2019, 11:00,
  • 267

5-6 шілде күндері өтетін The Spirit of Eurasia 2019 Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінің қатысушылары анықталды.

Елордалық көрермендер Ak Dan Gwang Chil (Оңтүстік Корея), UDU (Литва/Бурятия) және Shono (Бурятия) топтарының өнерін тамашалай алады. The Spirit of Eurasia астана тұрғындарын тамсандырған The Spirit of Astana фестивалінің жетілдірілген түрі. Дәстүрге сай шоу Нұр-Сұлтанның ең басты open-air алаңында өтеді. Алаң "Бәйтерек" монументінің жанында. Шоу сағат 17.00-де басталады.

Сондай-ақ фестивальге кіру тегін. Тамаша концепциясы бар шоу Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, Қазақстандағы жастар жылы аясында өтеді. Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақүйі қарсы алады. Фестивальдің ресми суы - Calypso. 


Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандағы фестивальде литвалық-бурятиялық UDU тобы да алғаш рет өнер көрсетпекші. The Spirit of Tengri жобасы бурятиялық әнші Александр Архинчеев пен Marga Muzika тобының мүшелері Лаурита Пеленьютен және Тадас Дешукастың басын қосты.  Marga Muzika тобының мүшесі Дешукас былай дейді: "Сәлеметсіздер ме, достар! 5-6 шілдеде біз Қазақстанға The Spirit of Eurasia фестиваліне жобамызбен келеміз. Бұл жоба осы фестиваль аясында пайда болды. UDU жобасы екі халықты, бурят және литвалықтарды біріктірді, олармен бірге Shono тобының мүшелері Александр Архинчеев пен Константин Токарский ән шырқайды. Көріскенше!"


Сондай-ақ The Spirit of Eurasia фестивалінде бурятиялық Shono тобының ерекше өнер көрсетуін де тамашалауға болады. Бұл топтың атауы "бөрі" деп аударылады. Дәл осы жануар бурятиялық бір рудың тотемі болып саналады. Топтың негізін қалаушы Александр Архинчеев вокал техникасын қолдана отырып ән шырқайды, оған қоса көмеймен де ән салады. Сонымен қатар ол эстрадалық және этникалық аспаптарда ойнайды. Оның ішінде ішекті морин-хууре, сух-хууре және үрмелі - лимбэ. Оның репертуарында халық әні және өзі шығарған әндер бар. Рок рифі мен бурятиялық әуеннің үйлесуі керемет әсер береді.

Музыка мерекенің көрермендері мен қонақтарын жобаға қатысушы елдер туралы интерактив фильмдердің үйлесіміндегі жанды музыкалық орындалулардан тұратын қойылым күтеді. Халық қазіргі заманғы технологиялармен тамаша интеграцияланған дәстүрлі аспаптардың керемет үні шығатын таңғалдырар әлемге түседі. Сондай-ақ, The Spirit of Eurasia 2019 аумағында жәрмеңке мен этникалық шеберлер қалашығы ашылады. Онда қонақтар қолдан жасалған музыкалық аспап, кәдесыйлар мен киім-кешек сатып ала алады. Фан-аймақтың маңында тамақтану орындары ұйымдастырылады.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
18.06.2019
18.06.2019
12.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
18 қантар10:14,
Танылған жазба
Дина Елгезек  
18 қантар08:42,
сараптама / Видео
"Диктатура мен демократия арасы"   Видео
18.01.2021, 10:14 423 571

Дина Елгезек

05.09.2019, 09:30 388 593

Айгүл Орынбек


Егер де елімізде орын алып жақтан қысым мен қудалай болмаса, бейбіт шеруге қатысар едіңіз бе?
«    Қантар 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031