USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлытауда "Көкмайса" этнофестивалі өткізілмек

  • 12.июня.2019, 15:23,
  • 668

2018 жылы Nomad Explorer, "Туризм, охота и рыбалка" бірлестігі, мемлекеттік "Ұлытау" музей-қорығы ұймдастырған "Көкмайса" фестивалі өз жалғасын табуда. Айтулы шара 14-16 маусым аралығында Ұлытау ауылында өткізіледі.



Ұлытау мәдениет сарайында өтетін "Едіге тау — ескі жұрт ескерткіші" ғылыми-тәжірибелік конференциясы мереке тұсауын кеседі. Едіге тауына серуеннен соң қытсушылар халық әндері сайысында бақ сынайды. Кешқұрым ұйымдастырылатын "Алтыбақан әуендері" жасөспірім қауымды қызықтыратыны сөзсіз. 


15 маусым күні "Көкмайса" фестивалінің салтанатты ашылу рәсіми басталады. Қолөнер шеберлік класстары, садақ ату, қатын күрес, аударыспақ, теңге алу секілді ұлттық сайыстарына қатысу мүмкіндігі бар. Сайыс жеңімпаздары гала-концерт шарасында жарияланады.


Мерекенің соңғы күнінде қонақтар Ұлытау тауларына серуендеп, қыз қуу, көкпар, аламан бәйге сынды ойындарда қатыса алады.


Көкмайса фестивалін өткізудегі басты мақсат — Ұлытау жерін туристік саласын дамыту. Келген қонақтарды ел тарихы мен салт-дәстүрімен таныстыруға бірден-бір мүмкіндік.

скачать dle 12.0
Фото авторы : karaganda-region.gov.kz Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
05.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
26.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031