Әрбір емханаға, фитнес клубына немесе балабақшаларға кіреберісте «Бахилаларды киіңіздер» деген хабарландыруды және күніне бірнеше рет толатын кір пластикке толған корзинаны көруге болады. Едендерді таза қалпында сақтау тілегі апатқа айналады: бір рет пайдаланылатын бахилалар қайтадан өңделмейтін қоқыс кубометрлеріне айналады және полигондарға жіберіледі. Ресей Федерациясындағы Тюмень қаласынан энтузиасттар мәселені қалай шешуге болатынын ойлап тапты: олар берік бахилаларды тігуге кірісті, оларды 200 ретке дейін жуып пайдалануға болады.
«Бір рет пайдаланылатын бахилалар тез жыртылады, әсіресе өкшесі бар аяқ киімде. Адамдар бірден екі-үш сыңарын үсті –үстінен кие береді. Ойланып көріңіздерші қаншама пластик бостан босқа қоқысқа апарылады!»
Бір рет аталмыш тюменьдік кәсіпкер таныстың машинасынан қалың су өткізбейтін матадан жасалған бахилалар толы қапты көрді. Ол танысынан сұрағанда қазіргі Ресей үшін бұл тауар – экзотика екенін түсінді: бахилаларды тапсырыс бойынша кішігірім өндірістер тігеді, ал өнеркәсіптік масштабта ешкім тікпейді. Нарықтағы бос тауашаны алу және экология мәселесіне көмектесу мүмкіндігі қызықты болып көрінді. «Бір рет пайдаланылатын бахилалар тез жыртылады, әсіресе өкшесі бар аяқ киімде. Адамдар бірден екі-үш сыңарын үсті – үстінен кие береді, Ойланып көріңіздерші, қаншама пластик бостан босқа қоқысқа апарылады!» - деп аталмыш кәсіпкер ызаланады.
Бір жылдан кейін ол тауарын нарықта жылжыта бастады. Кәсіпкер негізгі бизнестік табысынан бірнеше он мыңдық рубль жұмсап, іздеу жүйелері мен әлеуметтік желілерде жарнаманы іске қосты, e-mail рассылкалармен айналысты. Инвестициялар өзін ақтады – көп рет пайдаланылатын бахилалар бүкіл Ресей бойынша тарады. Клиенттер көбінесе корпоративтік саладан: қалалық емханалар, жеке меншік клиникалар,фитнес клубтары. Кәсіпкер бірнеше фабрикамен аутсорс бойынша бірлесіп жұмыс жасайды. Экобизнестің орташа таза табысы – айына 50 мың руб.
Кәсіпкер көп рет пайдалануға келетін заттарды жақын келешекте кеңінен пайдалана бастайтынына сенімді. «Бір ретті бахилаларға қарағанда анағұрлым тиімдірек, әсіресе қазіргі дағдарыс кезінде, - деп кәсіпкер ойланады – Екі жыл бұрын тамақ салынатын қапшықтар туралы ешкім білмеген. Ал қазірдің өзінде барлық ірі қалаларда осы сияқты эко жобалар бар.»
Біздің Қазақстанымызда да осындай қарапайым болса да маңызды экологиялық жобалар қажет. Кәсіпкерлікті де осындай саналы жобалар есебінен дамытуға болады.
Әркім өзінен бастап айналадағы нәрселерді пайдалануды өзгертсе – саналы, кемелденген қоғамда өмір сүретін боламыз.
https://www.rbc.ru/trends/green/ сайтындағы материалдар бойынша