USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық вундеркинд жоғалды

  • 05.қараша.2021, 15:07,
  • 113

Қазақстандық вундеркинд Ақназар Қажымұрат 3 қарашадан бері байланысқа шықпай, жоғалып кетті.

Бұл туралы Ақназардың әкесі Арман өзінің Facebook парақшасында жазып, халықтан көмек сұрады.


"Ұлым жоғалып кетті. Баламды көрген-білгендеріңіз болса, көмектесіңіздерші. Бүгін жұма "Ақназар аман-есен болсын" деп дұға етіңіздерші. Алла қалап, табылса екен. 14.08.2001 жылы туған Қажымұрат Ақназар Арманұлы 03.11.2021 жылы Алматыға кездесуге кетті. Соңғы рет апасымен сол күні сағат 20:27-де телефонмен сөйлескен", - деп жазды Ақназардың әкесі.


Ақназардың бойы – 175 см, салмағы – 60 кг, шашы мен көзі қара түсті, арық денелі. Егер Ақназарды көрген-білгендер болса + 7 747 503 19 54 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. WhatsApp: + 7 700 267 19 78.



Айта кетейік, Ақназар Қажымұрат Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған. АҚШ-тағы ACT мен SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан ең жоғары балл жинап, бірегей рекорд орнатқан болатын (ACT емтиханында 36 баллдан 36 балл, SAT Subject Tests емтиханында әр пәннен ең жоғары балл - 800 екен. 800-ін үш пәннен жинап, абсолютті 2400 ұпай алған). Әлемнің ең мықты университеттерінен шақырту алған ол Гарвард университетін таңдаған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.10.2021
14.07.2021
08.12.2020
14.08.2020
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930