USD 494.63
EUR 583.22
RUB 6.42
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі жан сақтау бөліміне ауыр халде түсті

  • 14.июля.2021, 17:19,
  • 244

Кезінде Қазақстанның бас мүфтиі болған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауруханаға түсті. Қажының хәлі ауыр делінеді. 

Суыт хабарды ҚМБД баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.


"Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті... "Достан – дұға" дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей", деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.


Айта кетсек, Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, 1-сыныпты кеңесші, дипломатиялық лауазым иесі.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728