USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Назарбаев Зияткерлік мектебінің" қайтыс болған оқушының әкесі пікірін білдірді

  • 30.қазан.2021, 13:04,
  • 140

8-сынып оқушысы Сергей Кимнің әкесі Виктор Ким өз отбасында болған қайғылы жағдайға, туған-туыстары мен достарының қайғысына, баланың аруағына түсіністікпен қарауды сұрап, мәлімдеме жасады.

"Ұлымның атын атамауларыңызды, әлеуметтік желілерде, соның ішінде белдемше киюді насихаттайтын оқиғаларды, әрекеттерді және жарияланымдарды доғаруды сұраймын", - деп келтіреді Виктор Романовичтің мәлімдемесін НЗМ сайты.


Сондай-ақ, отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.


Қазіргі уақытта жазатайым оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың және оның аруағы үшін қосымша ақпараттарды жария етпейді әрі осы оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме бермейді.


Бұған дейін куратор мен сыныптағы оқушылар арасындағы әңгіменің аудиожазбасы жарияланған болатын. Аудио жазбада куратор балаларға қазір қалағандай киінуге тыйым салынатынын айтады.


Айта кетсек, Алматыда сегізінші сынып оқушысы 11-қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Қайғылы оқиға жасөспірімнің мектеп балына белдемше киіп келгенінен кейін орын алған. Оқушы куратордан қатаң сөгіс алып, ол оны мектеп психологына желкелеп апарған. Назарбаев Зияткерлік мектебі қайғылы оқиғаны растады, бірақ суицидтің басқа мән-жайларын жоққа шығарады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.10.2021
19.04.2021
25.07.2020
08.07.2020
05.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930