USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-дағы жасөспірімдер үйінен екі тәрбиеленуші қашып кетті

  • 08.желтоқсан.2020, 10:46,
  • 335

Полиция Өскемендегі "Жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі екі тәрбиеленушіні екі күннен бері іздеп жатыр. 

Арина Ананьева мен Виктория Кабановоның жоғалып кеткені туралы балаларды қорғау жөніндегі инспектор 6 желтоқсан кешкі уақытта хабарлаған. Қыздар жасөспірімдерге арналған үйден 5 желтоқсан күні кетіп қалған. 

Басылым мәліметінше, бұл жасөспірімдер үйіндегі тәрбиеленушілердің тәрбиешілеріне айтпай, байланысқа шықпай кетіп қалатын бірінші жағдай емес. 

Полиция қыздардың белгілері туралы айтты:

Ананьева Арина Максимовна, 2003 жылы туған, 3-курс студенті, бойы - 150-155 сантиметр, шашы қоңыр. Қара күртеше, қара джинсы, ақ түсті аяқ киім киіп шыққан.

Кабанова Виктория Сергеевна, 2002 жылы туған, 2-курс студенті, бойы - 155 сантиметр, шашы қоңыр, қой көзді. Қызыл күртеше, көк джинсы, ақ түсті аяқ киім киіп шыққан.

"Бүгінде жасөспірімдердің қайда жүргені белгісіз, оларды іздестірумен Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы айналысып жатыр, іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жанболат Кәлетаев.

Полицейлер жоғалып кеткен қыздар туралы қандай да бір ақпарат бар барлық адамнан құқық қорғау органдарына телефон арқылы хабарлауды сұрайды: 8 (7232) 23-42-10, 23-42-02 немесе 102



#іздеу #жетімдер #жеткіншектер #өскемен 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.11.2020
14.10.2020
09.10.2019
27.08.2019
26.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930