USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресейде елімізде жоқ "Қазақ хандығы" ойыншығын дайындайды

  • 23.қыркүйек.2021, 13:06,
  • 169

Ресейде жүріп қазақ ойыншықтарына тап болған саясаттанушы Данияр Әшімбаев отандық ойыншық индустриясының жоқтығына қапалы.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазып, өзін тәнті еткен ойыншықтың суретін жүктеді.


"Кеше дүкеннен Қазақ хандығының бір қол әскерінің ойыншықтарын кездестірдім. Өмірімде бірінші рет. Тағы бір ресейлік ойыншық қорабында "Шағатай жасағы" бар екен. Демек, орыстар Қазақстан үшін ойыншық шығаруды меңгеріп жатыр, көрдіңіздер ме? Жақында Малайзияда жасалған ойыншық көліктің төбесінен "Жол полициясы" деп қазақша бадырайған жазуды көрдім. Жалпы, ұлттық кәдесыйлар Қытайда, Моңғолияда және Қырғызстанда шығарылады екен. "Empire-дің" өзі Чехиядан таситын секілді. Ал өзімізде - отандық өндіріс жоқ немесе баяғыда қирап тынған. Әйтпесе, ұлттық компаниялар жанынан, мысалы Air Astana - ұшақ, ҚТЖ - пойыз ойыншығын жасаса деп кете берсек, жақсы болар еді ғой. Өздерінің меншік қуыршақтары, сарбаздары, кубиктері, конструкторлары дегендей. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл соншалықты қиын дүние емес, өткізетін нарығы дайын (ойыншықтар мен кәдесыйлар) және жұмыс орындары да болады. Бірақ, болмайтын нәрсе болмайды дегендей, мұндайды маңдайға жазбай тұр ма", - делінген жазбада.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.09.2021
24.09.2020
03.10.2019
02.07.2019
04.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031