Hollywood Reporter атты америкалық кино әлеміндегі беделді басылымның деректері бойынша, Қазақстан "Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмін премияға ұсынған. Кинотуынды “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясына қатысады.
Бұл туынды - "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" киноэпопеясының жалғасы. Фильмде Жәнібек пен Керей хандар және оның ұлдары Қасым мен Бұрындықтың Әбілхайыр Шайбани ұрпақтарымен билік үшін шайқасы баяндалады.
"Оскар" тапсыру рәсімі 2020 жылы ақпанның соңында немесе наурыздың басында Лос-Анджелесте өтеді.