USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Диван батырлар" естісін!!!

  • 04.июня.2019, 18:30,
  • 808

Дарынды, ұлтжанды азаматтымыз - Ринат Зайытов, әрқашан елдің қолдауында, әрі өмірдің ащысын-тұщысын дөп айтып отырады.

...Қырандай шырқап ілсем шалқып кеп бір,
Сөйлейін Бұқарлардан сарқыт боп бір.
Қазақстанды бір үлкен семья десек,
Жанұямыз шалшық боп тұр, балшық боп тұр.
Күйеубаламыз шетелге қашқанменен,
Кигені жібек пенен барқыт боп тұр.
Ағамызда ақыл жоқ, дегенменен,
Жайы жақсы, қарыны шартық боп тұр.
Елеңдеп әкемізге қарағанмен,
Ол жаққа да жетпейтіні тәртіп боп тұр.
Үш жүздің тағдырынан бұл күндері,
Үш қыздың болашағы артық боп тұр.
Қазақтың таймау үшін тұрған бағы,
Жөн болар кемшіліктің жырланғаны.
Біздің ұлт осы қашан қояды екен,
Жем болып тартылуын қырмандағы.
Неге осы Қазақстанда қазақ кедей,
Осы ғой жүрегіме мұң болғаны.
Қытайдың қарсы тұрған мазағына,
Мұнайшының арызы тыңдалмады.
Мөшек құлқын Машкевич дегендерің,
Қазақтың қазынасын ұрлауда әлі.
Ол аз болса, Астанада той жасаса,
Шетелдің әні болды тыңдалғаны.
Орыс пен еврейдің кесірінен,
Тіліміз – тіл, дініміз – дін болмады.
Басқа ұлттардың бәрінде баспана бар,
Қазақ қана «квартирант» боп тырбаңдады.
Мың өліп, мың тірілген ұлтымызды,
Бұл заман мың сорлатып, мың қорлады.
Біз осындай болсын деп тілеп пе еді,
Кешегі Желтоқсанның құрбандары.
Басыма маза бермей жүрген сұрақ,
Осы ма Отанымның нұрланғаны? ...
(с) Ринат Зайтов

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.06.2019
04.06.2019
30.05.2019
30.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930