USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде тіркелген "жаңа Нигериялық штамм" жайлы қандай хабар бар

  • 21.қыркүйек.2021, 17:35,
  • 104

Коронавирустың "нигериялық" жаңа штаммның (Etа-штамм) пайда болғанын 21 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда 96 сынаманы іріктеу нәтижесі бойынша штаммдардың айналымы белгіленді ("дельта штамм" - "үнді" - 57 (59,4%), "альфа штамм" - "британдық" - 24 (25%) , "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және Eta - "нигериялық" - 5 (5,2%).

Бұл ретте "Eta-штамм" төрт облыста төбе көрсетті: Қарағанды облысында - 1, Маңғыстауда - 2, Павлодарда - 1, Нұр -Сұлтанда - 1 жағдай тіркелген.


Алғаш рет коронавирустың бұл штаммы Нигерияда 2020 жылдың желтоқсан айының соңында анықталды. Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (Africa CDC) директоры Джон Нкенгасонг елде коронавирус инфекциялар санының артуы аясында жаңа штамм анықталғанын хабарлады.


Сонымен қатар, ол жаңа мутацияның үлкен инфекциясы туралы ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.


Коронавирустың бұл түрі Ұлыбританияда да табылған. Сол кезде де бұл штаммның клиникалық белгілері "британдық" және "оңтүстік африкалық" штаммдардың белгілерімен ұқсастығы айтылды.


Жаңа штаммның жөтел, жоғары температура, дәм мен иіс сезу қабілетінің бәсеңсуі , аурудың ауыр жүруі сынды клиникалық белгілері бар.
2021 жылғы 15 қыркүйектегі мәліметтерге сүйенсек, "Eta-штамм" әлемнің 77 елінде табылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша ол "бақылауды" қажет ететін штаммдарға жатады.


Еуропа елдерінен алғаш рет бұл штамм осы жылдың наурызында Италияда табылған.


Содан кейін ол басқа елдерге таралып, соңында Австралия, Бельгия, Гана, Сингапур, Дания, Испания, Канада, Иордания, АҚШ, Майотте, Нидерланды, Жапония, Финляндия, Франция мен Швейцарияға да жетті.


Роспотребнадзорда айтылғандай, штаммның бұл түрі негізінен Нигерияда және басқа штаттарда пайыздың оннан бір бөлігінен аспайтын деңгейде таралады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2021
03.09.2021
30.06.2021
28.06.2021
23.06.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031