USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бекшин жаңа болжамдармен бөлісті

  • 03.қыркүйек.2021, 17:01,
  • 201

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйек айында коронавирусқа шалдығушылардың күрт төмендеуі күтілетінін айтты.

Санитарлық дәрігер соңғы болжамды мамандар 29 тамызда жасағанын айтты. Ал жаңа болжам алдағы жақын күндері дайын болады.


"Эпидемиологиялық жағдай болжам бойынша дамып келеді. Қыркүйек айында тәулігіне тіркелетін болжамды көлем - 1 300 жағдай болуы керек еді. Бірақ бұл ретте жағдай балалардың мектепке оралуына сайма-сай келіп тұр. Ал оқушылар мен студенттердің оқуға оралуына байланысты жағдай өзгереді. Қыркүйек айында күніне тіркелетін жағдайлар саны қазіргі 1 300-ден 500-600 жағдайға дейін төмендейді деп күтеміз. Қазан айында одан да төмендеп, күніне 100-200 жағдай тіркелетін күнге жетеміз деп болжаймыз, егер жаңа мутациялық штамм пайда болып кетпесе, әрине", - деді ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.08.2021
28.07.2021
15.03.2021
27.01.2021
27.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031