"Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77-сі "альфа" немесе ұлыбританиялық штамм, 46 үлгіде "дельта", үнді штамы анықталды. Сонымен қатар, екі "гамма", оңтүстікафрика штамы мен бір нью-йорк, "бетта" штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі "альфа" штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген "дельта" штамының салдарынан", - деді Жандарбек Бекшин ОҚК онлайн-брифингінде.
Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ жұқтырғандар үлес салмағы 32 пайыздан 53 пайызға дейін артты, бұл COVID-19-дың "дельта" штамы тез тарайтынын көрсетті.
#үндіштам #мутация #КВИ #коронавирус #Алматы