Ақпаратты Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, "үнді" штаммының айналыста болу ықтималдылығы анықталды. Толық геномдық тізбектеу жүйесін анықтау үшін қосымша уақыт қажет", - деді аталған департамент басшысының орынбасары.
21 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда "дельта штамына" ("үнді" штаммына) тән мутация болу ықтималдылығы анықталғаны белгілі болды.
22 маусымда үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы "дельта штаммына" байланысты карантинді күшейтуге тура келетінін айтты.