USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда бір тәулік ішінде 36 адам "дельта" штамын жұқтырған

  • 30.июня.2021, 13:31,
  • 238

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны ұлыбританиялық штамм жұқтырғандар санынан асып кетті. Санитария дәрігерлері оң нәтиже көрсеткен ПТР-сынамаларын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келген. 

"Өткен тәулікте Алматыда 46 сынамада мутацияға ұшыраған штамдар бар-жоғы зерттелді. Оның 36-сында "дельта" штамы анықталды. Осылайша, үнді штамының үлес салмағы 78,3 пайызды, сегіз үлгіде "альфа" (ұлыбританиялық) штамы 17,4 пайызды құрайды. Яғни, қоздырғыштар ауысып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 131 үлгі зерттеліп, олардың 77-сінен ұлыбританиялық штамм, ал 46-сынан үнді штамы табылғаны хабарланған болатын. Кейін олар қосымша зерттеуге жіберілген еді.



#дельташтам #коронавирус #пандемия #эпидемия 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
28.06.2021
23.06.2021
23.06.2021
23.06.2021
27.04.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031