USD 474.72
EUR 515.17
RUB 5.58
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елорда мешіттерінің ауласында Айт намазы оқылмайды

  • 15.июля.2021, 18:48,
  • 152

Нұр-Сұлтан мешіттерінің ауласында Айт намазы өткізілмейді. 

Бас қала әкімдігінің мәліметінше, қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі күндеріне арналған шектеу шаралары туралы қол қойған қаулыға сәйкес мегаполис тұрғындары мен қонақтарының Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде де өткізуге және қатысуға тыйым салынады.


"Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады", делінген қаулыда.


Сонымен қатар құрбандық шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы ұйымдастырылады. Бұл ретте күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастыру қажет.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



#мешіт #құрбандық #намаз #карантин #Нұр-Сұлтан #елорда 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
29.06.2021
24.06.2021
24.04.2021
04.03.2021
16.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031