USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

  • 24.сәуір.2021, 09:08,
  • 325

Жұма, 23 сәуірде Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы" жаңа қаулыға қол қойды". 

Тұрғындар арасында коронавирус инфекциясы тіркелуінің өсуіне және жоғары деңгейде сақталуына, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақта болуына байланысты қаулы:

1. бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

1. қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караокеге, кинорумдар, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары, балалар ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;

1.Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

1. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 26 сәуірде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.



#Нұр-Сұлтан #карантин #қаулы #эпидемиологиялықахуал #коронавирус 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930