USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда мейрамханалар мен барлар ашылады

  • 16.августа.2020, 16:46,
  • 443

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысында жабық мейрамханалар, барлар мен кафелер дүйсенбі, 17 тамыздан бастап жұмыс істейтіні жазылған.

"Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтап және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23: 00-ге дейін, жеке иелік аумақтарымен тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру.

Демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтындай және тамақ жеткізуге, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілене отырып рұқсат беру. Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады", - деп жазылған қаулыда.




#карантин #мейрамхана #бар #нұр-сұлтан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.07.2020
29.06.2020
23.06.2020
18.05.2020
18.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930