ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-і ҚХР-дан, 7%-і Түркіменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан және 4,5%-і басқа елдерден келгендер болып табылады. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды
Биылғы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ті, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ті және зейнеткерлер 19,2%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-інің жоғары, 39,3%-інің орта кәсіби, 45,9%-інің жалпы орта білімі бар және 3,9%-інің білімі жоқ.