USD 538.12
EUR 627.02
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақмола облысында 12 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

  • 24.қазан.2020, 12:36,
  • 525

Ақмола облысында жалған дипломмен екі жылдан бері жұмыс істеген педагогтар ұсталды.

Аймақта жыл басынан бері 12 ұстаздың осындай әрекеті әшкереленген. Құжатты заңсыз жолмен жасатқан мұғалімдер математика, қазақ тілі және басқа да пәндерден сабақ бергені анықталды. Соңғы болып 16 қазанда 31 жастағы әйел қолға түсіпті.

Полиция қызметкерлері оның ауылдағы жалпы білім беретін орта мектепке жұмысқа орналасу үшін аудандық білім бөліміне жоғарғы оқу орнын тәмамдағаны туралы жалған құжат ұсынғанын дәлелдеді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ГҮЛНӘР ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

"Жалған құжат ұсынған азаматқа қатысты ліміздің Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол құжаттардың қолдан жасалғанын мойындады. Ал он мұғалімге қатысты тергеу аяқталды. Енді оларға қатысты шешімді сот шығарады. Ал екі адамға қатысты тергеу әлі жалғасуда".



#педагог #жалғандиплом #қылмыстықіс #ақмола 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031