Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.
Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24%-ды және зейнеткерлер 19,5%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.