Михаил Дорофеев 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның түрлі БАҚ-тарында еңбек етті. Еңбек жолын Атырау облысында бастаған, кейін республикалық КТК телеарнасында, "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газеттерінде жұмыс істеді.
"Астана қ. телевизиясы" ЖШС-інде бас директор, "Эра" телекомпаниясы" ЖШС-інің бас продюсері болды.
Әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") бағдарламаларын жүргізді. ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 г.), Қазақстан Журналистер академиясының академигі.
2015 жылдан бері ақпараттық-сараптамалық Informburo.kz сайтында бас редактор болған.
zakon.kz редакциясы марқұмның отбасы мен туыс-жақындарына көңіл айтады.
#дорофеев #журналист #өлім #бақ