USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

СҚО-да жезөкшелер мен қайыршыларға қарсы рейд өтті

  • 24.июня.2021, 11:54,
  • 261

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері маусымның 16-сы мен 18-і аралығында өткен "Стоп трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. 

Тәртіп сақшыларының ерекше назарында - көңіл көтеру орындары, сауналар, құрылыс алаңдары, шаруашылық және фермер қожалықтары және тағы басқа орындар, бұнда адам саудасымен, сексуалдық және адам еңбегін пайдаланумен байланысты қылмыстардың жасалу қаупі жоғары.


Жеңгетайлық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Сондай-ақ, ҚР ҚК "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" 262-бабының екі бөлігі бойынша фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер қатарында үш саунаның жалға алушысы және әкімгерлері бар, бұнда ақшалай сыйақыға интимдік қызметтер көрсету фактілері тіркелді.


Бұдан бөлек, М. Жұмабаев ауданында еліміздің аумағында құжатсыз және тіркелмей жүрген Өзбекстан Республикасының 41 жастағы тұрғыны анықталды. Сот қаулысына сәйкес шетелдік жеке тұлғасы анықталғанға дейін қабылдап-тарату орнына қамалды. Қайыршылық үшін 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды.


#жезөкше #қаңғыбастар #рейд #полиция #тексеріс #тергеу

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031