USD 471.45
EUR 547.21
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өскемен полициясы оқ ататын автоқалам анықтады

  • 31.августа.2020, 09:27,
  • 807

Тәртіп сақшылары Өскемен тұрғынынан оқ ататын қалам тәркіледі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалды басқармасының қызметкерлері 34 жастағы өскемендіктің үйінен ерекше қаламды тапқан. Қалам пәтердің қабырғасына жасырылған.

"Криминалистің сараптамасына сәйкес, тәркіленген металл қаламнан оқ атуға болады. Ол атыс қаруы болып саналады. Оқ ататын қалам сигналды ракетаның бөлшегінен жасалған", - дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғынның пәтерін тінту барысында газ тапаншасы мен екі пышақ тапқан.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Егер күдіктінің сотта кінәсі дәлелденсе, ол 5 АЕК көлеміне айыппұл немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



#оққалам #өскемен #полиция #шқо

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031