USD 538.53
EUR 623.94
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қызды құтқару сәтінің видеосы пайда болды

  • 30.мамыр.2021, 15:30,
  • 305

Шарын шатқалында селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қызды құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Видео ТЖМ өкілінің youtube-арнасында жарияланды. 

30 мамырда Шарын өзені бойындағы жағалау сызығын шолу әдісімен жерүсті іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 2010 жылы туған қыз табылды.

"Алдын ала мәлімет бойынша қыз жарақат алған, жағдайы орташа ауыр. Зардап шеккен адамға білікті медициналық көмек көрсету үшін "Қазавиақұтқару" АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып Алматы медициналық мекемесіне тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр", - деді ТЖМ өкілі.

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның оқушы мен мұғалім екені анықталды.

Бұған дейін Қазақстан ТЖМ өкілдері Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың табылғанын айтты.

скачать dle 12.0
Фото авторы : видеодан кадр
Тағы да оқыңыздар:
30.05.2021
29.05.2021
11.05.2021
05.05.2021
16.04.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031