USD 514.94
EUR 583.74
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шарын шатқалындағы сел: мұғалім мен оқушы қаза тапты

  • 30.мамыр.2021, 12:17,
  • 288

Білім және ғылым министрлігі Шарын шатқалындағы селден кейін Алматы қаласындағы №199 гимназияның оқушысы мен мұғалімі қаза тапқанын хабарлады. 

"Кеше Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Өкінішке қарай, алынған ақпарат бойынша экскурсияға барғандардың арасында сегіз оқушы - Алматы қаласының №199 гимназиясының оқушылары болған. Оларға бес оқушының ата-анасы мен үш мұғалім жетекшілік еткен", - деді БҒМ баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға салдарынан оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қаза тауып, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Үш бала зардап шекті, қазір олар ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

"Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деді БҒМ өкілі.

Еске салайық, апат 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде болған. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Бұл жерде нөсер жаңбыр жауып, шамамен 15 минут бұршақ жауып өткен.

Бұған дейін Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болып, алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.



#Шарын #шатқал #оқиға #өлім #мұғалім #оқушы 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
29.05.2021
15.02.2021
16.09.2019
06.08.2019
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930