USD 538.53
EUR 623.94
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында параплан құлап, екі адам зардап шекті

  • 11.мамыр.2021, 15:10,
  • 295

Алматы облысында параплан құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді. 

Оқиғаның видеосы бүгін, 11 мамырда әлеуметтік желілірде пайда болды. Төтенше жағдай Алматы облысы Шамалған ауылында болған. Жазба сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, параплан электр тарату желілеріне ілініп, үзіп кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, параплан ауа ағынына түскендіктен, басқарылмай қалған.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайын айтты. Ведомство мәліметі бойынша, 9 мамырда Қарасай аудандық ауруханасына парапланмен құлаған екі адам жеткізілген.

"1971 жылы туған науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Диагнозы: жабық бас сүйек, ми жарақаты, ми контузиясы, бірнеше сүйектің сынуы. 2004 жылы туған науқас травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр. Диагнозы: жабық бас сүйек, ми жарақаты, ми шайқалуы, омыртқаның жабық компрессиялық сынуы", - деді Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.


#параплан #апат #Алматы #ұшақ #жарақат 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031