USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандыда жоғалған кәсіпкердің денесі табылды

  • 05.мамыр.2021, 21:35,
  • 295

Қарағанды ​​облысында жоғалып кеткен кәсіпкердің мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"5 мамырда Нұра ауданында жүргізілген ұзақ іздеу жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері Тассуат аулының маңынан 8 сәуірде жоғалып кеткен, 1958 жылы туған Н.Х.Сүлейменовтің мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жоғалған адамды 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұра өзенінің арнасы бойымен іздеген.



"Тралдау әдісімен 32 шақырым, эхолотпен 23 шақырым іздедік, визуал түрінде 75 шақырымды қарадық, квадрокоптермен 35 шақырымды тексердік. Жаяу жүріп, жағалау аймағы су бетінің 17 шақырымы қаралды. Сондай-ақ, Нұра өзенінің маңындағы 45 шақырым жер жаяу тексерілді. 1 200 шаршы метр аумағында сүңгуірлер жұмыс жүргізді. ТЖД кинологиялық бөлімі 18 шақырымды тексерді. Суда жүзетін кемелер өзен арнасының 170 шақырымын қарап шықты. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ жұмылды. Сонымен қатар аэровизуал тексеру үшін моторпарапландар қолданылды, олар шамамен 30 шақырымды қарады.

Соған қарамастан, құтқарушылар үмітін үзбей, бір жерді бірнеше рет тексеріп, жедел іздестіру жұмыстарын тоқтатпады. Марқұм жағалаудан 50 метр төменде, көлік табылған жерден төрт шақырым жерден табылды", - деді ТЖМ өкілдері.

Нұрлан Сүлейменов шаруа қожалығының басшысы және Nur Otan депутаты болған. Ол 8 сәуірде Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында жоғалып кеткен. Кейін оның жол талғамайтын көлігі, қалпақшасы мен сырт киімі Нұра өзенінен табылған болатын.



#Нұра #өлім #кәсіпкер #өзен #ТЖ 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031