USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділова жер қойнына тапсырылды

  • 16.сәуір.2021, 16:08,
  • 309

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділова жерленді. 

Бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», - деді ол.

Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып үйіне оралмаған. Кейін Аяжан Еділова өлі күйінде табылды . Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 20 наурыз күні қыздың әпкесі полицияға жүгініп, сіңлісінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Бойжеткенді іздеу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан . Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.




#АяжанЕділова #өлтіру #қылмыс #зорлық #зомбылық #жерленді 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031