USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілер аталды

  • 22.сәуір.2021, 14:06,
  • 314

FinReview порталының сарапшылары 2020 жылғы ең ірі 50 салық төлеушіні атады. Олар мемлекет қазынасына 3,9 триллион теңге кіріс әкелген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32 пайызға аз. 

2020 жылы мемлекет бюджетіне 8,6 триллион теңге кіріс кірген. 2019 жылмен салыстырғанда кіріс көлемі 655,3 миллиард теңгеге төмен. Оның ішінде 50 ірі салық төлеушіге осы салықтың 46 пайызы тиесілі.

2020 жылы негізгі сома дәстүрлі түрде мұнай және газ өндіруші кәсіпорындардан түскен. Олар 50 саланың рейтингінде 19-шы орында тұр. 50 ірі салық төлеуші төлемінің 59 пайызы немесе 2,3 триллион теңгесі осы салаға тиесілі, делінген порталда. Өткен кезеңмен салыстырғанда осы компаниялар төлеген салық көлемі 46,6 пайызға төмендеген. Бұл рекорд көрсеткіш.

Мұнай секторынан кейін металлургия тұр. Оның салық түсіміндегі жалпы үлесі 12,5 пайыз немесе 493,3 миллиард теңге.

Әрі қарай рейтингте темекі саласы тұр. Оған үш ірі кәсіпорын кіреді. Олар 271,5 миллиард теңге салық төлеген.

Бюджетке 200,9 миллиард теңге кіріс әкелген тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу компаниясы салық төлемдері бойынша ең ірі төрт саланың соңында тұр. Рейтингке мұнай өңдеу, телекоммуникация, банк секторы, логистика, ішімдіктер өндірісі, инженерия өкілдері де кірді.



#салық #кіріс #бюджет #металлургия #мұнай #карьер 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.11.2020
27.11.2020
31.07.2020
14.04.2020
11.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930