USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жарты миллион қазақстандық салық рақымшылығын пайдаланды

  • 27.қараша.2020, 15:02,
  • 409

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Ағымдағы жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша 513 мың жеке тұлға салық рақымшылығы мүмкіндіктерін қолданды. Олар 6,9 млрд.теңге көлеміндегі берешектерін өтеді, ал 772,7 млн теңгеге жуық өсімпұл есептен шығарылды. 

Көлік салығы бойынша өсімпұлдарды есептен шығарудың көшбасшылары Алматы қаласының тұрғындары болып табылады, олар 1,2 миллиард теңге қарыздарын төледі, 117,8 млн теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылды.

Жер салығы бойынша 63,6 млн теңге қарызын төлеген Шымкент қаласының тұрғындары 7,2 млн теңге өсімпұл төлеуден босатылды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мүлік салығы бойынша өсімпұлдарды есептен шығару көрсеткішінде рейтингтің көшін бастады. Олардың өсімпұл бойынша берешегі 10,3 млн теңгені құрады. Бұл тұрғындар 59,3 млн теңге негізгі қарыздарын төледі.

Естеріңізге сала кетейік, өсімпұлдарды есептен шығару акциясы басталған кезде 1,5 млн жеке тұлға бойынша жалпы қарыз 26,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде негізгі қарыз сомасы 21,8 млрд теңге, өсімпұл 4,5 млрд теңге.

МКК жыл соңына дейін салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша рақымшылық қолданылатынын еске салады.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды.

Салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі бойынша, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.



#салық #рақымшылық #айыппұл #кіріс #шығыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.09.2020
11.01.2020
15.10.2019
30.09.2019
13.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30