Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) талдау орталығы 2020 жылдың алғашқы бес айында елдегі салық түсімдері 14,8%-ға төмендегенін мәлім етті. Ұлттық қор түсімдері 403 млрд теңгеге, республикалық бюджет түсімдері 667 млрд теңгеге азайған. Қауымдастық сарапшыларының айтуынша, Covid-19 індетінің таралуына байланысты халықты оқшаулау шаралары мен мұнай бағасының төмендеуі салықтық түсімдерге кері әсерін тигізіп отыр. 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша бюджетке түсетін салықтық түсімдер 4 354,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға аз. Ал республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері 24,5%-ға төмендеп, жергілікті бюджет түсімдері 32,7%-ға өскен. Осы уақыт аралығында Ұлттық қорға құйылатын салық қаржысы 27,9%-ға төмендеген.
#түсімдер #азайды #экономика #пандемия #оқшаулау