Бұл - көбіне өсімпұлдар мен айыппұлдар. Жалпы елімізде 45 мыңға жуық салық төлеуші салық рақымшылығының игілігін көрген.
"Салық рақымшығы қолданылған салық төлеушілердің жалпы саны - 44 397. Төленген берешек 18,4 миллиард теңге. Ал есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұл - 6,5 миллиард теңге", - деді Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов.
Салықтық рақымшылықты қолданған кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматы қаласында. Бұл шағын және орта бизнестің 6 513 субъектісі. Одан кейінгі орында Түркістан, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр.