USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

  • 19.қазан.2020, 17:30,
  • 558

Ақхалаттылардың табысын 2025 жылға дейін көтеру жоспарланып отыр. 

Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға қатынасын 2,5 есеге жеткізу міндетін қойды. Оны дәрігердің және тұтастай алғанда медициналық қызметкердің мәртебесін әлеуметтік қолдау шаралары жүйесі арқылы көтеру қажет. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалақыны өсіру жайы қарастырылған. Шамамен 550 мың теңгеге дейін. Бүгіндері дәрігердің орташа жалақысы 258 708 теңгені құрайды, - деді Төсекбаев.


Ол "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодексте медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге кепілдіктер бар екенін еске салды.

- Біз жұмыскердің өз міндеттерін орындауы, біліктілігін жоғарылатуы немесе кәсіптік біліктілігін жұмыс беруші немесе бюджет қаражаты есебінен арттыруы үшін жағдай жасау, еңбекақы төлеу және жұмысты ынталандыру жайын айтып отырмыз. 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде медбикелердің жалақысының өсуінің оң динамикасы байқалды. Біздің елімізде орташа жалақының өсуі дәрігерлер мен медбикелер үшін сәйкесінше 56-60% құрайды, - деді ол.


#дәрігер #табыс #жалақы #медицина 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.03.2020
30.01.2020
27.11.2019
06.11.2019
06.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930