USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін қайда инвестициялады

  • 27.қараша.2019, 22:00,
  • 451

Қазақстанның Ұлттық банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 2019 жылғы қазанға арналған инвестициялық қызметке қысқаша шолуды ұсынды.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 564,4 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге айналдырылған қаржы құралдары 6 949,8 млрд теңгені немесе 65,8%-ды, шетел валютасына айналдырылған қаржы құралдары 3 614,6 млрд теңгені немесе 34,2%-ды құрады.


2019 жылғы қазанда теңгеге айналдырылған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 192,03 млрд теңге болды. Оның ішінде: ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 9,6% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 12,88 млрд теңгеге мемлекеттік бағала қағаздары (МБҚ) сатып алынды; "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың жылдық 11,5% кірістілігі бар 170,0 млрд теңге тұратын облигациялары сатып алынды; ҚР ЕДБ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде 7,50 млрд. теңге сомасына "Альфа-Банк" ЕБ" АҚ-тың және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-тың жылдық 10,75% кірістілігі бар 1,65 млрд теңгеге айналдырылған облигациялары сатып алынды.


2019 жылдың қазан айында шетел валютасымен көрсетілген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 267,6 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде жылдық 1,65% орташа алынған кірістілікпен 238,5 млрд. теңге көлемде АҚШ-тың қысқамерзімді МБҚ сатып алынды. Қарастырылып отырған кезеңде мынадай елдердің МБҚ-мен сатып алу-сату мәмілелері жасалды: Ресей Федерациясы, Филиппин, Перу, Индонезия, Мексика, Бразилия. Нетто-сату көлемі қарастырылып отырған кезеңде 131 млрд теңгені құрады.


скачать dle 12.0
Фото авторы : turkystan.kz
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2019
15.08.2019
11.08.2019
26.07.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930