Кешенді жоспар 10 бағыттан және іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыру жөніндегі 172 жүйелі әрі салалық шаралардан тұрады. Құжат жобасын барлық мүдделі тараптар және бизнес-қоғамдастық, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық бизнес қауымдастықтар егжей-тегжейлі талқылап, мақұлдаған.
Ұсынылған шаралар қаржыландыру және жеңілдікті несие беру тетіктерін, оның ішінде микробизнес тетіктерін едәуір кеңейтуді, экспорттық шығындарды кепілдендіру және өтеу құралдарын белсенді түрде қолдануды көздейді. Форвардтық және ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу практикасы енгізіледі. Жүктеме азаяды және салықтық әкімшілендіру жеңілдетіледі, салықтар мен қарыздар бойынша преференциялар мен төлемді кейінге қалдыру қолданылады, жекелеген айыппұлдар мен алымдар алынып тасталады, әкімшілік кедергілер азайтылады.
Тұрғын үй құрылысы нарығында сұранысты ынталандырудың, отандық өндірісті және қызмет көрсету саласын қолдаудың жаңа тәсілдері енгізіледі.